Резиденттердің оқытуын жақсарту мақсатында 2024 жылдың 3 мен 14 маусым аралығында ішкі аурулар және ревматология кафедрасында «Нефрология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша 1 және 2 курс резиденттеріне «Бүйрек аурулары және жүктілік» тақырыбында жазғы мектеп өткізілді.
Жүкті әйелдердегі бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары жүрек-қан тамырлары патологияларынан кейін екінші орында. Жүктілік кезіндегі бүйрек ауруларының асқынуы әйел үшін де, ұрық үшін де қауіпті болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бұрынғы немесе созылмалы бүйрек ауруы жүктілікке қарсы көрсетілім болып саналады. Осыған орай, жазғы мектептің тақырыптары жүкті әйелдердің зәр шығару жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жүктілікке дейінгі дайындыққа, бүйрек ауруларына және жүктілік кезіндегі фармакотерапияға арналды. Әсіресе, бүйрек трансплантациясынан кейінгі жүкті әйелдерді жүргізуге арналған тақырыптарды талдау ерекше қызығушылықты тудырды. Резиденттер клиникалық жағдайларды шешуге белсенді қатысып, кері байланыста оң пікірлерін білдірді.
Жазғы мектепті өткізуге жауаптылар: ішкі аурулар және ревматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Қасқабаева А.Ш., м.ғ.к., кафедра доценттері Алибекова Р.И., Капанова Г.К. ассистент, м.ғ.к., Ботабаева А.С.