Оқыту семинары ” Менингококк инфекциясы. Өзекті мәселелер”

Оқыту семинары ” Менингококк инфекциясы. Өзекті мәселелер”

14.06.2024ж Абай облысының Әуезов жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының медицина қызметкерлері үшін “Менингококк инфекциясы. Өзекті мәселелері”атты семинар өтті. Семинардың модераторлары жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. д., профессор Н.К. Шаймарданов, доцент, м. ғ. к., қауымдастырылған профессор Е. М. Смаил тағайындалды. Жыл сайын 500 000 – 1 500 000 ауырады, ал 50 000-нан 135 000-ға дейін адам қайтыс болатыны атап өтілді.
Спикерлер менингококк инфекциясының эпидемиологиясы мен клиникасын адамдардың осы инфекцияны жұқтыру қаупін ескере отырып атап өтті. Тыңдаушылар менингококк инфекциясының алдын алу бойынша сұрақтарға жауап алды, егер бұл инфекцияларға күдік болса, жедел жәрдем қызметінің медицина қызметкерінің тактикасы.

Шаймарданов Н. К., Смаил Е. М.

Рубрикалар: Семинарлар