AP14870019 ЖОБАСЫ- ҚАЗАҚ ПОПУЛЯЦИЯСЫНДАҒЫ ПРЕДИАБЕТТІҢ ДАМУЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ-ЗЕРТХАНАЛЫҚ, МОЛЕКУЛАРЛЫ-ГЕНЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ОНЫҢ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН АЛДЫН АЛУДЫҢ ДЕРБЕСТЕЛГЕН ТӘСІЛІН ЖАСАУ
Іске асыру кезеңі: 2022 – 2024
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі
Өтініш беруші: «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Конкурстың атауы: 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс (ҚР БҒМ)
Зерттеу түрі: Қолданбалы
Өзектілігі: Қант диабеті (ҚД) және оның асқынулары әлемдегі өзекті медициналық-әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Әлемде предиабетпен ауыратын 352,1 миллион адам бар, және 463 миллион адам ҚД-мен ауырады [IDF, 2019]. Ғалымдар көмірсулар алмасуының бұзылуының COVID-19-бен байланысын жоққа шығармайды [Guo W, et al.,2020]. Қазақстанда 2021 жылдың басында ҚД–мен 382.000 науқас тіркелген, олардың экономикалық шығындары жылына 20,5 млрд. теңгеден асады [Алматы, 2021].
Зерттеудің мақсаты: Қазақ популяциясындағы предиабеттің дамуының клиникалық-метаболикалық және генетикалық маркерлерін зерделеу негізінде ерте диагностикалау мен алдын алуға дербестелген тәсілді әзірлеу.
Жобаның мақсатына Шығыс Қазақстан мен Қарағанды қалаларындағы қазақ популяциясында алғаш рет клиникалық-зертханалық зерттеулердің нәтижелерімен өзара байланыста ҚД 2 дамуының популяциялық-генетикалық болжаушыларын сәйкестендіру негізінде предиабеттің және онымен байланысты аурулардың, асқынулардың дамуын ерте диагностикалау мен алдын алуға дербестелген тәсіл алгоритмін әзірлеуге мүмкіндік беретін міндеттерді іске асыру арқылы қол жеткізілетін болады.
Күтілетін нәтижелер: Кез-келген денсаулық сақтау жүйесінде ҚД және оның асқынуы өте қымбат ауру болып табылады. Әлемнің барлық елдерінің ішінде АҚШ пен ҚХР ҚД терапиясына ең жоғары шығындарға ие(295 және 109 млрд. аралығында). Қазақстанда ҚД-мен ауыратын науқастарды амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жылына 20,5 млрд.теңгеден астам қаражат жұмсалады. Мәселе COVID-19 пандемиясы жағдайында ерекше маңызды болып табылады, өйткені ҚД және оның асқынулары өлім-жітімнің даму қаупінің факторларының бірі болып табылды, әсіресе ғалымдар көмірсулар алмасуының бұзылуының COVID-19-бен байланысын жоққа шығармайды.
- Ғылыми басылымдар.
Зерттеу нәтижелері бойынша осы грант бойынша жарияланатын болады (жарияланым авторларының 50% – ы зерттеу тобының мүшелері болады):
– 3 (үш) мақала және (немесе)шолу Web of Science базасының Science Citation Index Expanded индекстелетін және (немесе) Scopus базасында кемінде 35 (отыз бес) CiteScore бойынша процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда;
– немесе 2 мақала және (немесе) шолу) шетелдік рецензияланатын ғылыми басылымдарда, Science Citation Index Expanded Web Of Science базасында индекстелетін және (Немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 35 процентильі бар) – BMC Public Health, BMC Endocrine Disorders, және derwent Innovations Index (Web Of Science, Clarivate Analytics)дерекқорына енгізілген патент алынды.;
– сондай-ақ ұсынылған шетелдік немесе отандық рецензияланған басылымда 1 мақала немесе шолу БҒСҚК (“Ғылым және денсаулық сақтау”);
– немесе Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) және (немесе) 2 (екінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) Citescore бойынша процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдардағы 2 (екі) мақала және (немесе)шолу;
– немесе Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) CiteScore бойынша процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала немесе шолу және 1 (бір) патент алынды, Derwent Innovations Index (Web of Science, Clarivate Analytics) дерекқорына енгізілген;
– немесе Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасында кемінде 80 (сексен)Citescore бойынша процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала немесе шолу;
– немесе Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) немесе 3 (үшінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасында кемінде 50 (елу) CiteScore бойынша процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала немесе шолу және енгізу актісі (Министрліктің 14.11.2018 ж. №791 Бұйрығы) ғылыми-техникалық өнім жобасын немесе оған лицензиялық келісімді іске асыру нәтижесінде дайындалған.
– зерттеу нәтижелері бойынша монография шығарылады;
– Зерттеу материалдары республикалық және халықаралық деңгейдегі конференцияларда баяндалады.
- Жобаны іске асыру нәтижесінде дайындалған ғылыми-техникалық өнім (мақалалар, монография, әдістемелік ұсынымдар, патент, енгізу актісі) ҚР жоғары оқу орындарының білім беру, ғылыми процесіне, интерн дәрігерлерін, резиденттерді, магистранттарды, докторанттарды, тәжірибелік дәрігерлерді, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған алдын алу медицинасы мектептерін дипломнан кейінгі даярлау процесінде бастапқы буынның клиникалық тәжірибесін енгізілетін болады. ҚР БМСК емдеу мекемелерінің базасында орындаушы ұйымның басшысы куәландырған құжаттық растау түрінде ұсынылған.
Нәтижелердің мақсатты тұтынушылары: 2 тип қант диабеті дамуы бойынша тәуекелді тобындағы адамдар.
Зияткерлік меншік ретіндегі зерттеу нәтижелері “МУС” КЕАҚ және Грант берушіге тиесілі болады. Зияткерлік меншікті қорғау үшін патенттер, журналдардағы жарияланымдар, монография рәсімделеді.