«Ашық есік күні» «Клиникалық лабораториялық диагностика» резидентура мамандығы бойынша

«Ашық есік күні» «Клиникалық лабораториялық диагностика» резидентура мамандығы бойынша

2024 жылғы 14 маусымда жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасында бітіру курсының интерндері үшін «Ашық есік күні» өтті. Аталған іс-шара 7R01156 «Клиникалық лабораториялық диагностика» білім беру бағдарламасы бойынша резидентураға түсуге арналды. Кафедраның доцент м.а., м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер-лаборант Н.К. Кудайбергенова оқу бағдарламасының ерекшеліктерін, мамандығы бойынша оқыту мүмкіндіктері мен шарттарын ұсынды.

«Клиникалық лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша резиденттерді даярлау 2023 жылдан бастап жүзеге асырылады. Екі жыл ішінде резиденттер зертханалық жалпыклиникалық, биохимиялық, коагулологиялық, гематологиялық, паразитологиялық, иммунологиялық және цитологиялық зерттеулерді орындайды, зертханалық өлшеу құралдарында, анализаторларда және жабдықтарда жұмыс істейді.

Оқытудың практикалық бөлігі Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының көпсалалы ауруханаларының клиникалық-диагностикалық зертханаларында практикалық денсаулық сақтаудан тәжірибелі клиникалық тәлімгерлердің басшылығымен өтеді.