Медицина қызметкерлері күнімен құттықтадық

Медицина қызметкерлері күнімен құттықтадық

14.06.2024 Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Шаймарданов Н.Қ., доцент, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Смаил Е.М. және 1 курс резидент-инфекционисттері «Әуезов» қосалқы жедел жәрдем және шұғыл медициналық көмек подстанцисының қызметкерін медицина қызметкерлері күнімен құттықтады.
Әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, инфекционист мамандар бірінші кезекте – жедел жәрдем және жедел медициналық көмек көрсетудегі дәрігерлер жұмысының маңыздылығы мен күрделілігін атап өтті. Жұқпалы аурулар ,дерматовенерология және иммунология кафедрасы «Әуезов» қосалқы жедел жәрдем және шұғыл медициналық көмек подстанцисымен ұзақ жылдар бойы тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Аталған емдеу мекемесінің базасында жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер өткізілуде. Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша оқу іс-шараларын ұйымдастыруға қолдау көрсеткен «Әуезов» қосалқы жедел жәрдем және шұғыл медициналық көмек подстанцисының басшысы Исатаева Дариға Молдағалиқызына жұқпалы аурулар мамандары ерекше алғыстарын білдірді. Құрметті әріптестер, кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздерге ең бастысы – зор денсаулық, өркендеу және де қиын болсада өте қажет міндетімізде алдағы жеңістер тілейміз!
Шаймарданов Н.Қ., Смаил Е.М.

Рубрикалар: Мерекелер