2024 жылдың 24 мамырында университеттік балалар ауруханасы базасында Д.М.Тусупова атындағы медициналық оңалту және педиатрия кафедрасы ассистенті Бектар Ж. С. жетекшілігімен «Балалардағы тағамдық аллергияның алдын алу» тақырыбына 710 тобының 7 курс интерндерімен жұмыстарын жүргізді.
«Балалардағы тағамдық аллергияның алдын алу» тақырыбы бойынша жұмыс барысында мына сұрақтар қарастырылды: пайдалы және зиянды өнімдер туралы түсінік, аллергияның себептері, белгілері, алдын алу және емдеу. Балаларда қандай тағамдар жиі аллергия тудыратынын айтып берді. Интерндер ата-аналар мен науқастарға сұрақтар қойып, бұл туралы хабардар болуы үшін пайдалы кеңестер жазылған брошюралар мен еске салғыштар таратты. Басты назар аурудың алдын алу – сол арқылы өзін қорғай білу туралы ата-аналар мен балаларға қарапайым ережелер айтылды. Санитарлық ағарту жұмыстары жоғары деңгейде өтіп, «кері байланыс» жасалды.