Балаларды бақытты етудің ең жақсы тәсілі – оларды сүйіспеншілікпен, зейінмен қоршау, жүректерін жылыту, жақсылық пен сұлулықты үйрету, өмірге қолдау көрсету.
2024 жылғы 31 мамырда балаларды қорғау күні қарсаңында Д.М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасы “Семей медицина университеті” КЕАҚ университеттік госпиталінің педиатрия және балалар неврологиясы бөлімшелерінің пациенттері үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шара түрлі ойын-сауықтарды қамтыды: балалар жұмбақтарды қуана-қуана шешті, суреттер байқауына, би және ән жарыстарына және т. б. белсенді қатысты.
Педиатрлар мен неонатологтар резиденттері киген танымал мультфильм кейіпкерлерінің костюмдері балалар мен олардың ата-аналарында жағымды эмоциялар тудырды! Мультфильм кейіпкерлерінің жарқын киімдері мерекелік түстерді қосты. Осы күннің қуанышты сәттерін еске алу үшін ата-аналар мен балалар фотосессияларға қуанышпен қатысты.
Мереке жарқын және есте қаларлық болды. Барлық қатысушылар-балалар да, ата – аналар да іс-шараға қатты қуанды. Мереке балалардың аурухана күндерін нағыз сиқырға айналдырды!
Университет ауруханасы барлық балаларға естелік сыйлықтар табыс етті. Ата-аналар ұйымдастырушыларға керемет мереке үшін алғыс білдірді! Осындай бастамалардың арқасында ауруханада болу кішкентай пациенттер мен олардың отбасылары үшін аз алаңдатады және қуанышты болады.