2024 жылғы 14 маусым күні профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында «Интегралдық GPA» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға кафедра оқытушылары мен «Медицина» мамандығының 2 курс студенттері қатысты. Доцент А.М.Токешева кіріспе сөз сөйлеп, келесі оқу жылынан бастап біздің университетімізде білім алушыларына интегралдық GPA енгізілетінін атап өтті. Интегралдық GPA енгізу жоғары білімі бар, зерттеушілік қабілеті бар, әлеуметтік белсенділігі жоғары жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Дөңгелек үстелге қатысушылар студенттердің ғылыми-зерттеу, қоғамдық және спорттық қызметін жүзеге асыру нысандарын талқылады. Интегралдық GPA есептеу әдістемесі студенттер арасында белсенді пікірталас тудырды: олардың пікірінше, зерттеу дағдыларының үлесі жоғары, ал әлеуметтік құзыреттердің үлесі төмен. Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, доцент Токешева А.М. интегралдық GPA енгізу түлектеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетінін атады.
Профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасы