ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі А.С.Оразалина 2024 жылдың 27 мамыры мен 4 маусымы аралығында “Transmission of genetic information in a series of cellular generations” тақырыбында “Жазғы мектеп” аясында сабақтар өткізді. Жазғы мектепке «Медицина» мамандығының І курс шетел студенттері қатысты. Тыңдаушыларға арнап 3 кредиттік көлемде оқу-тақырыптық жоспарлар мен силлабус дайындалды. Жазғы мектептің мақсаты: генетикалық ақпарат тасымалына, генетикалық ақпараттың жасуша ішіндегі өңделуіне, генетикалық белсенділіктің реттелуіне қатысты сұрақтарды кеңінен және тереңдетіп оқу, сонымен қатар білім беру бағдарламасын меңгеруде қиындықтар туған студенттерге көмек көрсету.
Оразалина А.С., ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі