Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының жазғы мектебі университетте бекітілген «Қысқы/жазғы мектепті ұйымдастыру туралы ережеге» сәйкес ұйымдастырылды. Мектепті өткізу бастамасы кафедра меңгерушісі, доцент Амренова Қ.Ш. Оқыту 2024 жылғы 10 маусым мен 14 маусым аралығында офлайн форматта ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында жатақхананың № 3 корпусында, 211 кабинетте өтті.
Жазғы мектептің тақырыбы: «ІІ типті қант диабеті, негізгі синдромдары, диагностикасы және алдын алу». Мектеп қатысушылары «Педиатрия» мамандығының 3 курс студенттері. Іс-шараның мақсаты қатысушылардың медицина саласында табысты жұмыс істеуі үшін қажетті білімдері мен дағдыларын дамыту болды.
Студенттерге арналған жазғы мектеп балалар мен жасөспірімдерде жиі кездесетін эндокриндік аурулардың бірі – 2 типті қант диабетін зерттеу әлеміне енуді ұсынады. Бағдарлама аясында қатысушылар осы аурумен байланысты негізгі синдромдармен, сондай-ақ қант диабетін диагностикалау және алдын алу әдістерімен танысады.
Сабақтар барысында студенттер қант диабетінің анатомиялық-физиологиялық аспектілерін, оның себептері мен даму механизмдерін зерттеді. Олар сондай-ақ ауруды емдеу және бақылау әдістерімен, соның ішінде инсулин терапиясының және диеталық терапияның заманауи әдістерімен танысады.
Теориялық сабақтардан басқа қатысушыларға гипогликемия және гипергликемия кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық жағдайлар мен тапсырмалар ұсынылды.
2 типті қант диабеті тақырыбы бойынша педиатриядағы жазғы мектеп студенттерге осы ауруды жақсы түсінуге, оны диагностикалау және емдеу дағдыларын дамытуға, балалар мен ересектер эндокринологиясы саласындағы кәсіби жұмысқа дайындалуға бірегей мүмкіндік берді. Оқушылар сертификаттармен марапатталды.