Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасындағы жазғы мектеп

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасындағы жазғы мектеп

2024 жылғы 6-18 маусым аралығында “Семей медицина университеті” КЕАҚ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы “Терапиялық науқастарды курациялау әдістемесі” жазғы мектебін офлайн форматта өткізді. Жазғы мектепке “Жалпы Медицина”мамандығы бойынша 3 курс студенттері белсенді қатысты. Бағдарламаның еңбек сыйымдылығы 3 кредитті құрады. Практикалық сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты: доцент Л. К. Жазықбаева.
Студенттер күнделікті сабақтарға белсенді қатысып, теориялық және практикалық білімдерін біріктіріп, өз дағдыларын жетілдірді. Жазғы мектептің қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, естелік фото түсірілді.

Рубрикалар: Семинарлар