11 маусым 2024 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіби практикадан) өтуші 4 курс студенттерінің арасында әскери-медициналық эстафета өткізілді.
Қыздар мен ер-азаматтар топтары қатысты және финалға шыққан топтар өзара І орынға таласты.
Студенттер жарақаттануларда, сондай-ақ, тасымалдауда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәжірибелерін жинақтады.
Берілген жаттығулар уақыт бойынша есептелініп, орындалу дұрыстығы және алгоритмдер сапасы бағаланды.
Эстафета жоғары дәрежеде өтті.
Әскери кафедраның аға оқытушысы медицина қызметінің полковнигі М.Аманов