2024 жылдың 13 маусымында кәсіби мереке – Медицина қызметкері күні қарсаңында Семей қаласының медициналық жедел жәрдем станциясында медициналық жедел жәрдем бригадаларының облыстық жарысының финалдық кезеңі өтті. Осындай жарыстарды өткізу тәжірибесі Еуропадағы медициналық жедел көмек қызметінен алынған, мұндай чемпионаттар көп жылдар бойы өткізіліп келеді. Қазылар алқасы мен емтихан алушылар жедел медициналық жәрдем бригадаларының жұмысын келесі критерийлер бойынша бағалады: жедел медициналық көмек көрсету сапасы, оқиға болған жерді қарау, шақыру болған жерде медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру, науқасты алғашқы тексеру, жағдайларды тану, науқасты тасымалдау және т.б. Қазылар алқасының бағасы объективті болды, себебі қазылар алқасының төрағасы ретінде Семей қаласының медициналық университетінің «Апаттар медицинасы» кафедрасының оқытушылары, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, облыстың бас пульмонологы Уразалина Ж.М., жоғары санатты травматолог, м.ғ.к. Қозыкенов А.А., симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушысы, БЛС, ACLS бойынша инструктор Смагулова Ж.И және т.б. Жарысқа 6 команда қатысып, бас жүлдені N6 команда ұтып алды.