Ағымдағы жылдың 17 маусымынан бастап академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында онлайн режимде И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының (ҚММА) балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті Чыныева Дамирахан Камчыбековна «Балалардағы жұқпалы аурулардың таңдалған мәселелері» тақырыбында шеберлік-сыныбы басталды. Тренингті ұйымдастырушылары – кафедра меңгерушісі И.М. Эфендиев бастаған Семей медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасы. Семинарға профессор-оқытушылар құрамы, «Жұқпалы аурулар (ересектер, балалар)» мамандығының 1 және 2 жылдық резиденттері, «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандығының интерндері қатысады.
Тренингті Семей медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі И.М.Эфендиев және И.К.Ахунбаев атындағы ҚММА балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д. З.К.Джолбунова салтанатты түрде ашты, олар тыңдаушыларды қарсы алып, шеберлік – сыныпты өткізетін профессорды таныстырды.
Шеберлік-сыныбы бес күнге созылады. Тренинг бағдарламасына балалардағы жұқпалы аурулар мәселелері: жедел ішек инфекциялары; жедел респираторлық инфекциялар, шұғыл синдромдар; вирустық гепатиттер; бөртпе синдромымен қатар жүретін жұқпалы аурулар, нейроинфекциялар. Шеберлік-сынып барысында қатысушыларға пікірталастарға қатысуға, дәріскерге сұрақтар қоюға мүмкіндік беріледі.
Тренинг Семей медицина университетінің цифрлық технологиялар бөлімінің техникалық қолдауымен «Zoom» платформасында өтіп жатыр.
Эфендиев И.М., Мансурова А.А.