Абай өңірінің қасиетті жерлеріне саяхат

Абай өңірінің қасиетті жерлеріне саяхат

Білім алушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында, 16 маусымда симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы   Муканова Д.А., Смагулова Ж.И., Ван О.Т., Мамырханова Г.М., Ықыбаева Н.Б., Ковылина Р.А., Мусабекова Н.Е., кафедраның кураторлық топтарымен бірге Абай өңірінің қасиетті жерлеріне жолға шықтық. Сапар өте қызықты басталды. Семей қаласынан 50 км қашықтық өткеннен соң “Күшікбай батыр асуына” жеттік сол жерде тоқтап әркім өзі естіген тарихымен бөлісті. Ертеректе осы маңда мекендеген Күшікбай атты батыр болыпты. Ол сондай ержүрек, қайратты да қаһарлы екен. Айналадағы жау батырдың сесінен қорқып жолай алмапты.Соңғы шайқас алдында батыр қатты сырқаттанып, шайқастан қайтып бара жатқанда батырдың ауруы меңдеп, бір төбеге келіп жантая кетеді. Сол бетінде ұйықтап қалған екен, содан қайтып тұрмапты деседі. Тастардың арасында батырдың есімімен аталған бұлақ бар. Аязды күндердің өзінде бұлақтың суына мұз қатпайды екен. Бұлақтан су алып, ары қарай жолға шықтық.

 Екінші аялдамамыз Еңлік – Кебек ескерткіші болды. Махаббат мұнарасы — билер сотының шешімі бойынша 1780 жылы шілдесінде құрбан болған қос ғашық — Еңлікпен Кебектің зиратына қойылған ескерткіш мұнара. Бұл жерде фотоға түсіп, қос ғашық аруағына құран бағыштап жолға шықтық.

 Үшінші аялдама Қарауыл өзеніне жақын жерде орналасқан ақын Абайдың соңғы 10 жылын өткізген Жидебай кешені болды. Экскурсоводпен Абай мұражайын аралап тарихқа көз жүгірттік.

Ақын 1894 жылы осында қоныс аударып, 1892 жылы осында тұратын ағасы Оспан қайтыс болып, Абай Әменгерлік заңы бойынша жесірі Еркежанға үйленеді. Жидебайда Абайдың 75-76 лирикалық өлеңдері жазылған. Мұнда да ол 45 “қара сөздің” 27-сін жазып, Лермонтов пен Крылов шығармаларының аудармаларын жасады. Жидебай Абай үшін поэтикалық шабыт пен философиялық ойлардың қайнар көзі болған.Үйде Абай өмір сүрген жылдардың атмосферасы құрылған. Қонақ бөлмесі, жұмыс кабинеті, әйелдерінің жасауы орналасқан бөлме, ет ыстайтын, тамақ пісіретін бөлме бірге орналасқан. Студенттерге сүйектен оюланып жасалған сандықтар, Абай атамыздың аңшылықпен айналысып, арлан қасқырды алған сәттері өте қызықты болды.

“Абай-Шәкәрім” мемориалдық кешені 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына орай салынды. Кешеннің сәулетшісі-Бек Ибраев. Кешен АҚ Маңғыстау әктас-қабығынан жасалған. Платформа стилобат ұзындығы 200 метр және ені 65 метр. Платформаның биіктігі-5 метр. Платформа үш деңгейден – қазақтар мифологиясы бойынша әлемнің үш деңгейінен тұрады. Төменгі деңгей – қара-жер асты әлемін, орта – қызыл-жердегі өмірді, ал жоғарғы-АҚ-рухтар мен Алланың ең жоғарғы әлемін білдіреді. Абай жерленген мұнараның биіктігі – 32,5 метр, Шәкәрім жерленген мұнараның биіктігі-31,5 м.

Кешеннің ортасында амфитеатр орналасқан-сахнаның төменгі жағында және көрермендерге арналған орынның айналасында. Мұнда ақындар өлең оқуда жарысады, Мәдени іс-шаралар өткізіледі.

Төртінші аялдамамыз “Қоңыр әулие үңгірі”. Үңгір ішіндегі көл суы жергілікті тұрғындар арасында қасиетті болып саналады, сондықтан қажылар белсенді түрде барады. Өзіміздің оқытушылар, студенттер арасынан ниет етіп суға түскендерде болды.

Табиғат ортасында дастархан жайылып, қызықты әңгімелер айтылды, әркім өз сезімдерін жеткізіп жатты. Үйге қайтатын уақыт келді, көлікке отырып терең оймен, ерекше сезіммен қалаға жол тарттық.

Рубрикалар: Категориясыз