Әскери-медициналық олимпиада

Әскери-медициналық олимпиада

19 маусым 2024 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіби практикадан) өтуші 4 курс студенттері оқу тобының жеке құрамы және  әскери кафедра мен симуляциялық және білім беру техноголиялары кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамымен бірлесе жинақталған топтары арасында әскери-медициналық олимпиада өткізілді.

Олимпиада – Әскери токсикология, радиобиология және медициналық қорғану пәнінің №7 тақырыбына сәйкес,  «ядролық ошақтан» зақымданушылардың жаппай түсуінде шартты жараланушыларға  медициналық жәрдем көрсету бойынша теориялық және практикалық дағдыларды бекіту мақсатында ұйымдастырылды.

Әрбір взводтан 7 адамнан  топ  құрылып, аттары және ұрандары дайындалды.

Сағат 9.00-де жиналған олимпиадаға қатысушылар салтанатты түрде сапқа тұрғызылды.

Әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шынгыс Оразмухаметович, Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының меңгерушісі Мұқанова Дианара Әділетқызы  жарысқа қатысушыларға құттықтау сөз айтып, сәттілік тіледі.

Топтар жүректің кенеттен тоқтау, политравма, жарақаттар мен қан кету, күйіктер, биологиялық өлім диагностикасында медициналық жәрдем көрсету бойынша сайысқа түсті.

Соңында әділқасылар алқасымен нәтижелері сарапталып, жеңімпаздар марапатталды.

Олимпиада өте қызықты да әсерлі өтті.

Әскери кафедраның цикл бастығы – тәрбие жұмысына жауапты запастағы медицина қызметінің подполковнигі    Н.Смаилов

Тегтер: Басты бет