Бронх демікпесінің гендік инженерия биологиялық таргеттік терапиясы

Бронх демікпесінің гендік инженерия биологиялық таргеттік терапиясы

Пульмонология және аллергология саласындағы жетекші мамандар  «ГИБТ (гендік инженерия биологиялық таргетті терапия) көмегімен ауыр бронх демікпесін (АБД) емдеуде басқаруды оңтайландыру аспектісіндегі аймақтық ерекшеліктері» атты аймақтық сарапшылар кеңесіне қатысты. Денсаулық сақтау саласы мамандарының кездесуі Қазақстан Республикасында медицина ғылымын дамытуға және науқастарды емдеуді жақсартуға бағытталған. Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан Республикасында да тыныс алу мүшелерінің аурулары ең көп таралған аурулардың қатарына жатады. Пульмонология және аллергология мамандарын біріктіретін Сарапшылар кеңесі тыныс алу жолдары патологиясы бар науқастарға көмек көрсетуді көздейді. Тыныс алу медицинасында проблема болып табылатын ауыр бронх демікпесі (АБД) бар пациенттердің емін жақсарту, АБД бойынша статистиканың сапасын арттыру, АБД бойынша жағдайды болжау мүмкіндіктерін арттыру, пациенттерге көмекті жақсарту жөніндегі шараларды жоспарлау, осы патология бойынша жаңа технологияларды енгізу мақсатында Абай облысы мамандарының күшімен (м. ғ. к., КеАҚ «СМУ» шұғыл медицина кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Абай  облысының бас пульмонологы Ж. М. Уразалина, м. ғ. к., жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының ассистенті Д. Б. Козубаева., КеАҚ “Семей медицина университеті” университеттік госпиталінің балалар көпсалалы бөлімшесінің меңгерушісі Г. К. Ертуспаева, м. ғ. к., аллерголог-иммунолог дәрігер Д. Н. Габдуллина) ҚР жетекші мамандарымен бірлесіп ГИБТ (гендік-инженерлік биологиялық таргетті терапия) қолдану бойынша жол картасы әзірленуде.

Жарияланды:
Рубрикалар: Дөңгелек үстелдер