18.06.24 ж. “МУС” КЕАҚ Өскемен филиалында 1 жыл оқитын интерндерге арналған ЖДТ кафедрасында “Ойық жаралы колит” тақырыбы бойынша “Жазғы мектеп”on line режимінде ұйымдастырылды. Кафедра оқытушысы Ю. Г. Поповичтің дәрісінде аурудың этиопатогенезі, ішек және ішектен тыс симптомдарды қамтитын аурудың клиникалық көріністері, диагностиканың инвазивті және инвазивті емес әдістері, сондай-ақ емдеу әдістері қарастырылды: дәрілік емес, дәрілік және хирургиялық. Процестің белсенділігі мен ауырлығына байланысты терапевтік тактика мәселелері қарастырылды. Дәріс соңында ойық жаралы колит тақырыбы бойынша студенттердің сұрақтары талқыланды, сондай-ақ Ю.Г. Попович “Гастроэнтерологиялық бейіндегі науқастарды жүргізудің заманауи тактикасы” циклі бойынша, жиынтық емтиханға дайындалып жатқан интерндерге сұрақтарға жауап берді.