ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы МБ ж МГ кафедра студенттерінің 2023-2024ж ғылыми жетістіктері

ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы МБ ж МГ кафедра студенттерінің 2023-2024ж ғылыми жетістіктері

Кафедрада студенттерді ғылыми белсенділікке тартуға бағытталған жүйелі, кезең-кезеңімен жұмыстар жүргізілді. Дарынды студенттерге ерекше көңіл бөлініп, олардың әрқайсысына кафедраның жоғары дәрежелі оқытушылары арасынан жетекшілер бекітілді. Студенттік ғылыми үйірмелер бойынша дарынды студенттерге жетекшілік етіп, ғылыми-зерттеу жобаларды жүзеге асыруға студенттерді тарту қарастырылады.

Кафедрада «Molecular genetics researchers» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс жасайды. Жыл сайын үйірмеде шамамен 70-85 студент айналысады.

Кафедра студенттерінің халықаралық және республикалық конференцияларға, олимпиадалар мен жарыстарға қатысуын қамтамасыз ететін студенттік ғылыми қоғам белсенді жұмыс атқарады.

Үйірме студенттері 66-шы қорытынды студенттік ғылыми конференцияға, халықаралық және республикалық конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ғылыми үйірменің соңғы отырысында үйірменің белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табысталып, алдағы уақытта ғылыми-зерттеу жұмыстарына сәттілік тіледі.

А.С. Оразалина, кафедра меңгерүшісі, Б.Б. Кожахметова ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы.

Рубрикалар: Ғылыми жұмыс