Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылғы 10-14 маусым аралығында мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері Д. Ш. Шагиева, А.Т. Оспанова, М. М. Аскарова, Ж. Т. Жетмекова, Б. А. Орынбасарова, Р. М. Қисина, М. Б. Болатова Ж. М. Жуманбаеваның жетекшілігімен Семей қаласының медбикелеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Бірнеше медициналық мекеме, оның ішінде «Жан-Ер» медициналық орталығы, «Аралас үлгідегі №6 емхана» медициналық мекемесі болды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында университеттің “Имиджі” бейнеролигі көрсетіліп, брошюралар таратылды.

Мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері кәсіптік бағдар беру жұмысы кезінде мейірбикелерді университет тарихымен, «Мейіргер ісі»  мамандығы бойынша қысқартылған бағдарламамен 2 жыл 6 ай, 10 ай оқу мерзімімен, төлемі, өсу және одан әрі өзін-өзі жетілдіру перспективаларымен, қабылдау ережелерімен таныстырды.

Медбикелер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды.