Қазақстан Республикасының Білім кодексіне сәйкес тәрбие жұмысы жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының педагогикалық қызметінің негізгі бөлігінің бірі болып табылады. Кафедрада кураторлық топтармен оқу жылы бойы тәрбие жұмысы жүргізілді. Осы мақсатта 2024 жылдың 19 мамырында 5309, 5104 ЖМ топтарында кураторлар Абдрахманова Г.Ж., Козубаева Д.Б., мемлекеттік емтихан алдында кураторлық сағат өткізіп, олардың емтиханға дайындық деңгейін жәнеде жылдық қорытынды нәтижені талқылады. Кураторлық топта тәрбие жұмысын жүргізу кезінде студенттердің үлгеріміне маңызды көңіл бөлінді, АИТ-инфекциясы бойынша олимпиадаға қатысты. Салауатты өмір салтын енгізуге және зиянды әдеттердің иммундық жүйенің жағдайына ықпалына ерекше назар аударылды. Волонтерлік көмек көрсету мақсатында аз қамтылған отбасына көмек көрсетіп, КМҚК «Семей қаласының хосписі» болды. Кураторлар студенттермен бірге Конституция күніне, «Қазақстан халқы Ассамблеясы», Қазақстан халықтарының тілдері күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Наурыз мейрамына арналған іс-шара өткізді. Жеңіс күні және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен танысты.