Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының ассистенті Козубаева Динара Бегімханқызы резиденттердің клиникалық тәлімгері, бас штаттан тыс маман Маликова М.С және «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша КеАҚ «СМУ» Өскемен филиалындағы 1 және 2 курс резиденттерімен кездесті. Оқу үдерісіне сәйкес әрбір резидентке КеАҚ «СМУ» клиникалық базасында тәлімгер мектебін бітірген, үлкен жұмыс тәжірибесі бар тәжірибелі дәрігерлер бекітіледі.
Аллергология бөлімінің дәрігерлерімен және резиденттермен кездесу барысында Козубаева Д.Б. олардың емханадағы оқу үдерісі қалай құрылғанын, жастарымыз немен «тыныс алады», оларды қандай мәселелер мазалайтынын білуге тырысты. Олармен сөйлесе отырып, оқуға, тәжірибеден өтуге және жақсы аллерголог-иммунолог болуға деген құштарлықты байқадық. Бұл өте маңызды, деп атап өтті резидент тәлімгерлері.