Университеттер өздерінің білім алушылары мен қызметкерлері үшін білімді, құзыреттілік пен дағдыларды дамытуға бағытталған әртүрлі қызмет түрлерін пайдаланады. Дәстүрлі мағынада біліктілікті арттырудың кең таралған түрлерінің бірі ғылыми-білім беру мектептері (жазғы, қысқы). 17.06.2024 ж. бастап «СМУ» КЕАҚ Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында қызметкерлері кафедра меңгерушісінің басшылығымен профессор А. А. Дюсупова, оқытушылар Г.Т. Камашева, Т. М. Беляева, Р. И. Фаизова, О. А. Юрковская, А. М. Хисметова, Т. И. Терехова «Отбасылық медицина» мамандығы бойынша 2 жыл оқитын резиденттері үшін «Жалпы практика дәрігерінің жұмысындағы таңдаулы сұрақтар» тақырыбында онлайн түрде «Жазғы мектеп» өткізді. Негізгі мақсат-мемлекеттік емтихан тапсырар алдында және өз бетінше қызмет бастар алдында 2 жыл оқитын резиденттердің біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыру. Онлайн жазғы мектеп аясында әртүрлі мамандықтардың жоғары санатты оқытушы-дәрігерлері (дерматовенерология, педиатрия, ЖТД, менеджмент, балалар инфекционисті) пәнаралық тәсіл аясында клиникалық жағдайларды көрсете отырып дәріс оқыды. Бұл жалпы практика дәрігерінің жұмысында пәнаралық бағыттардың қалыптасуына ықпал етеді. Аталған «Жазғы мектеп» оқытушылар үшін де, «Отбасылық медицина» мамандығы бойынша 2 жыл оқитын резиденттер үшін де қызықты болды.