20.06. 2024 жылы Өскемен филиалының «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасында жазғы мектеп өтті. Жазғы мектеп-бұл 7-курс интерндері үшін тегін іске асырылатын қосымша білім беру қызметтерінің жүйесі. Жазғы мектептің тақырыбы “Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулез диагностикасы”. Дәрісті Өскемен филиалының«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасының ассистенті, жоғары санатты педиатр Рамазанова Алмаш Дәукенқызы оқыды
Туберкулез әлеуметтік қауіпті аурулар тобына жатады, өйткені соңғы онжылдықтарда ересектер арасында ғана емес, балалар мен жасөспірімдер арасында да тұрақты өсу байқалды. Қазіргі кезеңде педиатрия мен фтизиатрияның негізгі міндеті балалардағы туберкулездің алдын алу және ерте анықтау болып табылады. Балалар мен жасөспірімдерде осы ауруды анықтаудың немесе ерте диагностикалаудың негізгі әдістері туберкулинодиагностика және 15 жастан бастап жүргізілетін флюорографиялық тексерулер болып табылады
Жазғы мектеп интернатурада білім алушыларды даярлауды жетілдіру, теориялық білімді бекіту және тереңдету, клиникалық ойлауды дамыту, оларды практикалық қызметте одан әрі қолдану дағдыларын игеру мақсатында онлайн-форматта өткізілді. Жазғы мектеп барысында болашақ дәрігерлер балалар мен жасөспірімдерде туберкулезді анықтаудың жаңа заманауи әдістерімен танысты, Педиатрия және фтизиатрия бойынша білімдерін нығайтты мұндай дәрістер әрқашан өзекті болады