Семей қаласы медицина қызметкерлеріне арналған «Холера. ҚКГҚ. Оба» семинары

Семей қаласы медицина қызметкерлеріне арналған «Холера. ҚКГҚ. Оба» семинары

Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2024жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына  тырысқақ әкелуінің және таралуының алдын-алу және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 18 маусымында  денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлеріне «Холера. ҚКГҚ. Оба» тақырыбында семинар және оқу жаттығуын  өткізді.  Семинар офлайн форматта өтті.

КеАҚ СМУ  балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Смаилов Е.С «Холера. ҚКГҚ. Оба»  өзектілігіне, клиникалық және диагностикалық ерекшелігіне мен емі тақырыбында баяндама жасады. .

№ 2 қалалық емхананың медицина қызметкерлері обаға қарсы киімді киюмен демонстрациялық жаттығу көрсетті. Семинарда баяндамашылар тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Рубрикалар: Семинарлар