«Педиатрия» мамандығының 3302, 3303 топ студенттері балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Б.Ж. Тоқтабаевамен 2024 жылдың 17 маусымында өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамыту мақсатында «Семей қаласының паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасы» мекемесіне барды. Мекеме басшысы Апсаликов Рүстембэк Қазбекұлы студенттерді жылы шыраймен қарсы алып, аурухананың құрылымымен, ұжым құрамымен және науқастардың профилімен таныстырды. Бүгінде ауруханада ерекше күтімді қажет ететін 55 науқас бар. Паллиативтік көмек көрсету үшін науқастарға барлық мүмкін жағдайлар жасалған: функционалды кереует, ойыққа қарсы матрацтар, тумбочкалар, , мүгедектер арбасы, әрбір науқастың жанында шақыру пульті бар және т.б.
Содан кейін студенттер өз еркімен науқастарға күтім көрсетті. Студенттер басқаларға көмектесуден күшті эмоционалды ынталандыру, қуаныш пен қанағат алды.