2024 оқу жылының «Фармация» мамандығы бойынша бітірушілердің Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы

2024 оқу жылының «Фармация» мамандығы бойынша бітірушілердің Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы

2024 жылдың 18 маусымда «Фармация» (МАК) мамандығы бойынша бітірушілердің қорытынды Мемлекеттік аттестациялаудың 1-кезеңі өтті. Бірінші кезең – «Фармация» мамандығының барлық пәндері бойынша кешенді тестілеу. Тестілеу ҰТЕО платформасында Proctoring арқылы жүргізілді (18.06.2024 АТО-да)

2024 жылдың 21 маусымда II кезең- объективті құрылымдық емтихан ҰТЕО тапсырмаларына сәйкес келесі  тәжірибелік дағдылар бойынша: «Дәрілік заттардың фармацевтикалық технологиясы», «Дәрілік шикізаттың фармакогностикалық талдауы», «Дәрілік заттардың сапасын бақылау», «Дәрілік заттарды қабылдауды, есепке алуды, сақтауды және өткізуді ұйымдастыру», «Коммуникативтік дағдылар»  өткізілді.

МАК төрағасы: Мустафина Айгуль Нуркешевна  –«КФК Медсервис плюс» ЖШС Семей филиалының директоры

МАК орынбасары: Омаркулова Римма Ахметкаримовна – ЖШС «Орталық дәріхана», фармацевт, хатшы Абленова А.Т.

Емтиханның екі кезеңінің қорытындысы бойынша студенттер өте жақсы нәтиже көрсетті, орташа балл жоғары болды.

Рубрикалар: Категориясыз
Тегтер: Басты бет