«Семей медицина университеті» КаАҚ әскери кафедрасында еліміздің тарихына, мәдени құндылықтарды болашақ ұрпақ бойына сіңдіруге ерекше мән береді.
Осы мақсатта 2023 жылдың 21 қыркүйегінде 4 взвод 4217 топ студенттері, кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Ш.Орынбасаровтың жетекшілігімен, Семей қаласындағы Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайына саяхат жасады.
1940 жылы 16 қазанда Абайдың 95 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында ашылған бұл мұражай – Абай Құнанбайұлының өмірі мен ақындық жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме.
Мұражайда Абай өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, қол өнері мен бейнелеу өнерінің туындылары, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар т.б. орналыстырылған.
Студенттер үшін бұл экскурсия қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы болды, себебі студенттер Абайдың өмірімен жақынырақ танысып ғана қоймай, қолжазба еңбектерін көзбен көріп – білді.
Әдіскер А.Жумагелдина[/vc_column_text]