Академиялық ұтқырлық – бұл жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына белгілі бір уақыт аралығында өз елінің шегінде немесе сыртында басқа білім беру немесе ғылыми мекемеге оқуға немесе оқытуға мүмкіндік.
16.10.2023 – 30.10.2023 уақыт аралығына дейін Д.М. Түсіпова атындағы Педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының резидент-педиатр А.А. Бакенова КЕАҚ “Астана медицина университеті” балалар аурулар кафедрасында “Стационардағы балалар аурулары-1” циклінде академиялық ұтқырлық бойынша оқудан өтті. Оқыту ШЖҚ “№3 көп бейінді қалалық балалар ауруханасы МКҚ ” базасында респираторлық патология бөлімшесінде өтті. Тақырыптық жоспарға сәйкес теориялық сабақтарға қатыстым, педиатр-дәрігерлермен, пульмонолог-дәрігерлермен респираторлық патология кезекшілік еттім. Академиялық ұтқырлық барысында 2023 жылғы 19-21 қазан аралығында “Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар” Х конгресіне қатысып, АҚШ, Канада, Ресейден келген шетелдік әріптестердің қызықты баяндамаларын тыңдадым.
КЕАҚ “МУА” балалар аурулары кафедрасына, КЕАҚ “МУА” балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі Мулдахметов М.С., кафедра профессоры Қуанғали Бапашевич Абдрахмановқа, респираторлық патология бөлімше меңгерушісі Ляззат Ахметжановна Рамазановаға кафедра ассистенті Еркежан Миржановна Дюсенгазинаға, педиатр-дәрігерлерге және аурухананың барлық қызметкерлеріне жылы қабылдағаны үшін алғысымды білдіремін.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім мен баға жетпес тәжірибе алуға, көкжиекті кеңейтуге, жаңа таныстар және достар табуға мүмкіндік берді.[/vc_column_text]