Ашық есік күні

Ашық есік күні

2024 жылғы 6 мамырда “Жалпы дәрігерлік практика” мамандығының 7-курс интерндерімен “Жәмила” мекемесі клиникалық базасында А. А. Қозбағаров атындағы Акушерия және гинекология кафедрасы ұйымдастырған “Ересектер, балалар акушерия және гинекологиясы” мамандығы бойынша резидентураға түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында “Ашық есік күні” іс-шарасы өтті. Осы іс-шарада «Ересектер, балалар акушерия және гинекологиясы» мамандығы бойынша резидентура бойынша жауапты магистр, кафедра меңгерушісі Ш.К. Кинаятова 7 курс интерндерін  білім беру бағдарламасының мақсаты мен миссиясымен таныстырды. Клиникалық және оқу базалары, клиникалық және академиялық тәлімгерлер, осы мамандықтың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы ақпарат берілді. Интерндерді қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.