2023 жылғы 26-27 сәуірде Астана қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты күн тәртібінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде жаңа шиеленісті сын-қатерлердің туындауына әкелетін гео-саяси жағдайға тоқталды. Оның пікірінше, қазіргі жағдайда азаматтық бірегейлікті нығайтуға және патриоттық рухта тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу керек. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев барлық этнос өкілдері арасындағы өзара түсіністікті нығайту және Қазақстан халқын одан әрі топтастыру үшін жаңа тәсілдер мен тәжірибелік қадамдардың маңыздылығына назар аударды.
2023 жылдың 19 қазанында м.ғ.д, профессор Тапбергенов С.О. Биохимия және химиялық пәндер кафедрасында К.Т. Сыдықова мен Б.С.Советовтың жетекшілігімен «Стоматология» мамандығының 208, 202, 210 топ студенттерімен Қазақстан халықтарының рухани келісім күніне арналған кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағат өте қызықты өтті, студенттер презентация дайындап, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттарымен, ұстанымдарымен және алдағы міндеттерімен танысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері – мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар саласында мемлекет пен қоғамның азаматтық институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру. Келісім мен бірлік – мемлекеттің табысты болуының басты кепілі.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты К.Т.Сыдықова
[/vc_column_text]