2023 жылғы 11 желтоқсанда «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында аға оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі А.В.Матыциннің басшылығымен, «Жалпы медицина» мамандығының 4421 кураторлық тобында «Нашақорлық» тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қазіргі кездің заманауи мәселесін қарастыру, улы заттардың ағзаға тигізетін әсері мен зардаптары, алдын – алу жолдары туралы ақпарат беру.
Нашақорлық – улы заттарды тұтынатын адамдардың денсаулығы мен өміріне теріс әсер етеді, әсіресе жасөспірім кезінде, дене өсуі мен жыныстық жетілу қарқынды түрде ынталандырылған кезде.
Ақпараттандыру арқылы, бірлескен күш-жігермен, улы заттардың таралуын және қолданылуын болдырмауға және де қолдана бастаған азаматтарды психикалық немесе физикалық тәуелділіктен арылтуға болады.
Аталған күрестің барысы әр азаматтан нашақорлықпен күресуге қатысуын талап етеді.
Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!
Жалпы медицина мамандығының 4421 топ студенттері[/vc_column_text]