25 қазан 2023 жылы Д. М. Түсупова атындағы педиатрия және медициналық реабитиология кафедрасының 1 және 2 курс резидент реабилитологтарына “Тоқтамыс” балаларды оңалту клиникалық базасында үлкен маман иесі, Германиялық Бобат терапевт Моника Англер “Бобат терапияның ерекшелігі мен маңыздылығы” атты тақырыпта тәжірибелік пікір алмасу мақсатында семинар өткізді. Моника Англер- неврология, хирургия, ортопедия және операциядан кейінгі балаларды оңалтуда жоғары деңгейдегі маман. Атап айтқанда бас ми зақымдалуы бар науқастармен, әсіресе балалардағы церебральды параличпен күресуде аса пайдалы әдіс- бобат терапияны негіздеп келеді. Семинар барысында клиникалық базада резидент реабилитологтарға теориялық- лекционды курстар мен күнделікті практикалық дағдылар үйретіліп, олардың маман ретінде дамуына жол салынды. Бұл саланың халықаралық деңгейде жаңа білім алуға мүмкіндік бар екендігіне көз жеткізілді.[/vc_column_text]