Дөңгелек үстел «Тұлғалық дамуды жетілдіру»

Дөңгелек үстел «Тұлғалық дамуды жетілдіру»

1 қараша, 2023 жыл психиатрия және наркология кафедрасы “Тұлғалық дамуды жетілдіру. Психотерапиялық тренингтер” атты дөңгелек үстелді өткізді. Өткізу мақсаты: өмір сүру сапасын жақсарту, өмірлік және тұлғалық қиындықтар барысында мінез-құлық, өзін-өзі ұстау тәсілдерін меңгеру. Әрекетсіздік пен стресс деңгейін төмендету. Оларды жеңу жолдарын іздеу. Ұйымдастырушылар: Алмагамбетова А.А., психиатрия және наркология кафедрасы, Смаилов Н.С. әскери дайындық кафедрасы, Желдибаева У.Т. профессор М.Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасының оқытушылары. Қатысушылар: ЖМ 5108, 3516, 3512 топтарының 3, 5 курс студенттері.

«СМУ» КеАҚ жалпы медицина бөлімінің 3, 5 курстарына арнап құттықтау сөзімен психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті Алмагамбетова А.А. сөйледі. Өз баяндамасында студенттер арасында тұлғалық дамудың маңыздылығы түсіндірілді. Тұлғалық даму – өз мінез-құлқын басқару, позитивті шешімдер қабылдауға көмектесетін, өзін жақсарту, бұрыңғыдан да күшейтуге бағытталған үдеріс екені айтылды. Тренинг барысында студенттер белсенділік танытты. Жеке тұлғаның өсуіне бағытталған кездесу мен өткізілген тренингтер арқасында студенттер мінездің жағымсыз сипатын неғұрлым жағымды сипатқа қалай жылдам өзгертуге болатынын игерді. Жұмыс барысында студенттер түрлі теріс ойлардан және теріс кешендерден арылып, табысқа жетуге әкелетін жеке бас қасиеттерін жетілдірді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]