Дүниежүзілік АИТВ-ге қарсы күрес күніне арналған кураторлық сағат 2023

Дүниежүзілік АИТВ-ге қарсы күрес күніне арналған кураторлық сағат 2023

1 желтоқсанда жыл сайын Дүниежүзілік ЖИТС – пен күрес күні атап өтіледі, 2023 жылы бұл күннің тақырыбы “Ұйымдарға–көшбасшылық “(АИТВ-мен ауыратын, одан зардап шеккен немесе қауіп төніп тұрған қауымдастықтарға, алдыңғы қатардағы ұйымдарға).
2023 жылғы 30 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған кураторлық сағат өтті, оған Смаил Е.М. кураторлық тобы 5207, 623 және 615 топ ЖДТ интерндері қатысты. Д. Қалматаев атындағы медицина колледжінің З курс студенттері шақырылған қатысушылар ретінде көрермен болды.
Осы әлеуметтік маңызды аурумен күрестегі прогреске қарамастан, оны бүгінгі күнге дейін емдеу мүмкін емес, сонымен қатар, өкінішке орай, вакцина жоқ екендігі атап өтілді. Осы іс-шара аясында білім алушылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша 2023 жылға қарай бүкіл әлемде АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың саны 38 миллионға жеткенін хабарлап өтті. 2023 жылы АИТВ-ның 1,7 миллионға жуық жаңа жағдайы тіркелді. Болашақ дәрігерлер АИТВ-инфекциясын кез келген жастағы адамдар жұқтыратынын, бірақ соңғы жылдары ең белсенді ,еңбекке қабілетті жастағы – 30-60 жас аралығындағы азаматтар АИТВ/ЖИТС пен көбірек ауыратынын және ауру негізінен жыныстық жолмен таралатыны жайлы атап өтті.
Жастар және жасөспірімдер жоғары қауіп тобында бола отырып ,жыл сайын жас ер балалар мен қыздар арасында АИТВ – инфекциясының жаңа жағдайлары тіркелуі артып келеді, ал басты себеп-қорғалмаған жыныстық қатынас. АИТВ-инфекциясы-баяу жүретін созылмалы ауру, адамдар өмір бойы инфекцияның көзі болып табылады, сондықтан қазіргі уақытта кез келген адам жұқтырған адаммен кездесе алады.
Модераторлар қандағы антиденелерді анықтаудың ең қарапайым және қол жетімді АИТВ сынағы- бұл инфекцияны тез арада анықтауға мүмкіндік беретінін және барлығына жылына кемінде бір рет АИТВ-инфекциясына тексерілу қажет екенін хабарлады, бұл ауруды ерте анықтау, өмірді сақтау және АИТВ жұқтыру қаупін азайту үшін маңызды. Іс-шара соңында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша тыңдалған материалды бекітуге блиц-сауалнама жүргізілді.
Шаймарданов Н.К., Смайыл Е. М.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: