Дүниежүзілік Остеопорозбен күрес күні

Дүниежүзілік Остеопорозбен күрес күні

Жыл сайын 20 қазанда Дүниежүзілік остеопороз күні аталып өтіледі, остеопорозбен байланысты тірек-қимыл аппаратының ауруларын алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы жаһандық хабардарлықты арттыруға арналған.Бұл іс-шара бүкіл әлемдегі адамдар остеопороз және тірек-қимыл аппараты ауруларынан туындаған ауыр зардаптарға назар аудару үшін бірігетін бірегей мүмкіндік.Остеопороз (ОП) – сүйек массасының төмендеуімен және сүйек тінінің құрылымының (микроархитектоникасының) бұзылуымен сипатталатын, сүйектің сынғыштығының жоғарылауына және сыну қаупіне әкелетін прогрессивті жүйелік қаңқа ауруы.Аурудың кең таралуына қарамастан, оның алдын алу және емдеу әдістері бұқаралық ақпарат құралдарында сирек жарияланады. Өкінішке орай, остеопороз сынықтар басталғанға дейін өзін көрсетпеуі мүмкін. Соңғы жылдары остеопороздың “жасарғанын”айту өкінішті. Сондықтан остеопороз және оның алдын-алу шаралары туралы білімді тарату қазіргі уақытта өте маңызды.Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында “резиденттен студентке” әдістемесін қолдану мақсатында рентгенология кафедрасымен бірге 4127 ЖМ 4 курс студенттері мен резиденттері остеопороз күніне арналған дөңгелек үстел өткізді. Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенті Г. Б. Қанапиянова мен 1-ші оқу жылының резидент -рентгенологтарымен Аманбекова А.Т және Исакова А. бірге студенттерді остеопорозды диагностикалаудың негізгі клиникалық көріністерімен және әдістерімен, оның ішінде остеопорозды диагностикалаудың алтын стандартымен – екі энергетикалық рентгендік абсорбциометриямен таныстырды. Студенттерде осы зерттеу әдісін жүргізу және бағалау процесін көруге мүмкіндік болды. Резиденттер мен студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтарын қойып, аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін кафедраларға алғыстарын білдірді.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы
Радиология кафедрасы

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]