“Электрондық темекі және олардың ағзаға зиянды әсері”

“Электрондық темекі және олардың ағзаға зиянды әсері”

27.09.2023 Д. М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының 1 оқу жылының резидент-неонатологтары Садырбаева Л. және Ержанова А. кафедра ассистенті Б. Ә. Әлібекованың жетекшілігімен Семей қаласының Ы. Алтысарин атындағы №37 гимназиясында “Электрондық темекі мен энергетикалық сусындардың ағзаға әсері”тақырыбында жасөспірімдермен санитарлық-ағарту жұмысы жүргізілді.

Бүгінгі таңда электронды темекі мен энергетикалық сусындарды тұтыну мәселесі кең жас аралығын қамтыды: 10-11 жастан бастап егде жастағы адамдарға дейін. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының есебіне сәйкес (2022ж), елде жыл сайын электронды темекі шегуге (40%) және энергетикалық сусындарды тұтынуға (43%) тәуелді мектеп оқушыларының саны артып келеді.

Кездесу 11-13 жас аралығындағы оқушылармен өткізілді. Кездесу барысында материалды түсіндіре отырып, тақырып бойынша презентация, дайындалған бейнематериал көрсетілді. Кездесу соңында оқушылармен қызықты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар