“Ғылыми мақалалар мен тезистер жазу негіздері”

“Ғылыми мақалалар мен тезистер жазу негіздері”

31.11.2023 ж. Д. М. Түсіпова атындағы Педиатрия және медициналық оңалту кафедрасында 2023-2024 жылдардағы оқу жылының ғылыми үйірмесінің отырысы өтті. Педиатрия және физикалық оңалту кафедрасының ассистенттері Г. Б. Тайоразов, Н.М. Айылбаевтың жетекшілігімен 2 курс резидент неонатолог М. М. Ғазизова және 1 курс резидент неонатолог Е.Е. Төлеутай баяндама жасады. Отырыстың тақырыбы: “Ғылыми мақалалар мен тезистер жазу негіздері”.
Жоспарлы түрде ұйымдастырылған отырысқа Кафедраның ППС, резиденттер, педиатрлар, реабилитологтар мен интерндер қатысты. Отырыс барысында ғылым саласының жазбаша коммуникацияның өзіндік әдістері қабылданды. Олардың бірі ғылыми тезистер. Ғылыми мақалаға, баяндамаларға тезистер жазу және оларды жинақтарда (журналдарда) жариялау тек ғалымға ғана емес, сонымен қатар әр түрлі қызмет салаларындағы маманға да қажет.
Іскерлік және ғылыми бағытталған қоғамдастықта тезистер жазбаша-сөйлеу қарым-қатынасының жанры ретінде әрқашан сұранысқа ие. Сондықтан әркім оларды дұрыс тұжырымдауды үйренуі керек. Сонымен қоса отырыста баяндама ғана емес қатысушылармен сұрақ алмасу сәттері де болды. Жақсы мағлұматтар берілген отырыс жоғары деңгейде өтті.

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: