Халықаралық шала туған нәрестелер күніне арналған ашық есік күні

Халықаралық шала туған нәрестелер күніне арналған ашық есік күні

Қараша айының 17-жұлдызы Тусупова Д.М атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А.Р бастамасымен “Тоқтамыс” балаларды оңалту орталығында жылдағы дәстүрге айналған халықаралық шала туған нәрестелер күніне орай ашық есік күні өтті. Шараны ұйымдастыруға кафедраның реабилитолог-резиденттері, неонатолог-резиденттері және педиатр-резиденттері ат салысты.
Жаңа өмір есігін ашуға асыққан балаларға арналған күн 2009 жылы Еуропалық жаңа туған нәресте күтімі қорының (European Foundation for the Care of Newborn Infants, EFCNI) бастамасымен белгіленген болатын.
Осы себепті орталықта нутрициолог, невропатолог мамандарымен бірге резиденттер, атап айтқанда травматология және балалар хирургиясы кафедрасының хирург-резиденттері мен травматолог-резиденттері, Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының реабилитолог-резиденттері мен педиатр-резиденттері қабылдау жүргізді. Қабылдауға жазылған 30-ға жуық баланы мамандар қарап тексеріп, өздерінің нұсқауларын берді. Қабылдау нәтижесінде балалардың невропатологтың, хирургтың, травматологтың қосымша тереңдетілген тексеруін, ерте оңалту бағдарламасын және нутрициологтың ары қарайғы консультациясын қажет ететіндігі жайлы қорытынды жасалды.
Қабылдаудан кейін балаларын алып келген аналардан кері байланыс алынды. Аналар ұйымдастырылған шараға риза екендіктерін және бұл соңғы болмай, басқа да мамандар шараға қатысып, жалғасын тапса деген ұсыныстарын жеткізді.
Ашық есік күнін өткізуге ат салысқан травматология және балалар хирургиясы кафедрасына және Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасына өз алғысымызды білдіреміз!
1-курс резиденті Нургазина Ақбота Алмасқызы.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: