«Кафедрада ашық сабақ өткізу туралы…»

«Кафедрада ашық сабақ өткізу туралы…»

2023 жылдың 15 қарашасында  «Семей медицина университеті» КеАҚ   УГ қабырғасында ашық сабақтар жоспары бойынша балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Абаева Қ.Д. ЖМ 3122 тобында ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Балалардың тірек-қимыл аппаратының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Балалардың тірек-қимыл аппаратын зерттеу әдістемесі. Балалардағы остеопениялық синдром». Сабаққа  тексеруші ретінде Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының ассистенті  Назарбекова М.С., сонымен қатар балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Тоқтабаева Б.Ж.  және  кафедраның оқу-әдістемелік жұмысына  жауапты Рахимбаева С.Ж. қатысты. Сабақ тақырыптық жоспар мен блюпринтке сәйкес  өткізілді.   Тәжірибелік сабақ уақытында басталды. Оқытушы  кіріспе  және қорытынды тест бақылауын жүргізді. Клиникалық жағдай  -CBL  арқылы тақырып талданды. Сондай-ақ, студенттер шағын топтарда жұмыс жасай отырып, өздеріне берілген есептерді (кейстерді) шешті. Тірек-қимыл аппаратын зерттеу әдістемесі егжей-тегжейлі талданды, бастапқыда теориялық түрде және  кіріспе бейне көрсетілді, содан кейін әдіс манекенде  көрсетілді    және  соңында әдісті жақсы меңгеру үшін педиатрия бөліміндегі науқастарға жасалынды. Сабақ барысында оқытушы студенттермен  үнемі кері байланыс жасап отырды. Сабақты талдауға барлық оқушылар белсене қатысты. Зертханалық және визуалды диагностика, клиникалық биохимия т.б.  басқа пәндермен байланысына баса назар аударылды. Сабақ соңында студенттерден   кері байланыс  алынды. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Тексеруші  тарапынан  ескерту болған жоқ.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі