Госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының өкілдері «Күміс университет» ұйымымен бірлесіп, «Семей қаласының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» базасында «Жедел және созылмалы панкреатиттің клиникасы, асқынулары және алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Лектор, PhD докторант госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының ассистенті А.Е. Масалов және 6 курс интерн-дәрігерлері. Лекция барысында аурудың негізгі белгілері, диагностикасы және алдын-алу шаралары түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, әңгіме түрінде жақсы кері байланыс болды. Қарттар үйінің тұрғындары дәрістің жақсы ақпараттылығы мен қолжетімділігін атап, болашақ дәрігерлер мен лектор А.Е. Масаловқа жақсылық тіледі. Дәріс соңында госпитальді хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының өкілдері зейнеткерлерге тегін кеңес беру, хирургтың тексеруі түрінде көмек ұсынды.[/vc_column_text]