“Медициналық реабилитация негіздері” пәнінен олимпиада

“Медициналық реабилитация негіздері” пәнінен олимпиада

2023-жылдың 20-қарашасында Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Алимбаева А.Р және кафедра оқытушысы Дәулетжарова Ж.Қ бастауымен Абай облысының мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған абилитация және реабилитация орталығында 1-жыл резидент-реабилитологтары Саниязова А.С және Нургазина А.А реабилитация пәнін өтіп жүрген 715 және 716-топ жалпы тәжірибелік дәрігер-интерндеріне пәндік олимпиада ұйымдастырды. Олимпиаданың ұйымдастырылу мақсаты интерндердің алған білімдерін бекітіп, студенттік өмірлерінде көңілді естеліктер қалдыру.
Олимпиаданың ашылуында кафедра меңгерушісі Алимбаева А.Р сөз бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Олимпиада 3 кезеңнен тұрды: 1-іріктеу кезеңінде тест жүргізілді, 2-кезең сұрақ-жауап форматында өтті және 3-кезеңде клиникалық жағдайлар талқыланып, тәжірибелік дағдылар, атап айтқанда Бутейко және Стрельников бойынша тыныс алу жаттығулары мен гониометрді қолдану әдісі көрсетілді. Барлық қатысушылар өздерінің білімдерін, тәжірибелерін көрсете білді. Қатысқан интерндер арасынан суырылып алдыға шыққан Қапсеметова Тоғжан 1-орынды, Мұратұлы Нұр 2-орынды және Шакеров Абылайхан 3-орынды иеленді. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары беріліп, басқа қатысушыларға да кішігірім сыйлықтар ұсынылды. Олимпиада соңында интерндер өздерінің кері байланыстарын беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Интерндер олимпиаданың ұнағанын және осындай пәндік олимпиадалардың олардың білімдерін шыңдайтынын, тәжірибелерін арттыратынын, болашақта резидентура бойынша өз бағыттарын таңдауға септігін тигізетінін жеткізді.
1-курс резиденті Нургазина Ақбота Алмасқызы.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: