2023 жылдың 24 қазанында Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімінің әдіскерлері Кайгельдинова С.А. және Ажарова А.Қ., сонымен қатар Жасұланов Батырхан «Стоматология» мамандығының 210 тобы, Серкбекова Алия «Жалпы медицина» мамандығының 4114 тобы, Өміртаев Арнұр «Жалпы медицина» мамандығының 3310 тобы студенттерімен кәсіптік бағдар беру мақсатында Семей қаласының «№ 11 орта мектебі» КММ ұйымдастырған «Менің мамандығым – менің болашағым» атты іс-шараға қатысып, университетіміздің мүмкіндіктері, артықшылықтары мен жетістіктері туралы ақпарат берді.
Қайгельдинова С.А. және Ажарова А.К. «Семей медицина университеті» КеАҚ жайлы имидждік бейнеролик көрсетті. Студенттерге университеттің тарихы, университетте қандай білім беру бағдарламалары жүзеге асырылатыны, клиникалық орындар, академиялық ұтқырлық, студенттердің түрлі қоғамдық жұмыстары туралы жан-жақты айтылды.
Студенттер «СМУ» КеАҚ неліктен таңдағандары, университетте қандай мүмкіндіктер берілетіні жайлы түсіндіріп айтып берді.
Кездесу соңында студенттердің барлық сұрақтарына жауаптар беріліп, оқу үрдісі, шәкіртақы, жатақхананың қолжетімділігі, Семей медицина университетінің түлектеріне сұраныс туралы ақпарат берілді.
Осындай іс-шараның өткізілуі мектеп түлектерінің «Семей медицина университетін» таңдауына назарын аудару үшін өте маңызды және қажет.
Студенттер мен мектеп әкімшілігі алған әсерлерімен бөлісіп, қабылдау комиссиясы және Medical Foundation ұжымына алғыстарын білдіріп, алғыс хаттар табыстады.
Біз де №11 мектеп әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз және осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін мектептің кәсіптік бағдар мұғалімі Тұрсынбекова Жанерке Тұрсынбекқызына ерекше алғысымызды білдіреміз.[/vc_column_text]