30 қараша күні А. А. Қозбағаров атындағы акушерлік және гинекология кафедрасында ассистент З. Қ. Жақсылықова 4322 ЖМФ топ студенттерімен студенттер арасында алкоголизммен, нашақорлықпен, шылым шегумен күрес және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған әңгіме өткізді. Студенттер салауатты өмір салтының адам үшін маңызды аспектілері туралы ақпарат алып, өз пікірлерімен бөлісті. Студенттердің профилактикалық әңгімесі тақырып бойынша проблемалық мәселелер мен жағдайларды талқылау түрінде өтті. Негізгі мақсат – оқушыларды салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу.