Пациенттермен жанжал жағдайларында дәрігердің іс-әрекетіндегі құқықтық негіздер

Пациенттермен жанжал жағдайларында дәрігердің іс-әрекетіндегі құқықтық негіздер

02.12.2022 ж. «СМУ» КеАҚ Өскемен филиалының базасында ЖДТ кафедрасының ассистенті М. С. Алдиярханова “Пациенттермен жанжал жағдайларында дәрігердің іс-әрекетіндегі құқықтық негіздер” тақырыбында 627 ЖДТ тобымен кураторлық сағат өткізді.
А. Мужикбаева есеп берді, содан кейін топ жанжалды жағдайларды тудыратын тақырыптарды, оларды шешудің нұсқаларын талқылады. Коммуникативті дағдыларға және оларды тәжірибеші маманның жұмысында қолдануға ерекше орын беріледі.
Науқас пен дәрігердің құқықтары мен міндеттері тақырыбы да қозғалды. Қазақстан Республикасы Конституциясының, “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің, Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Азаматтық Кодекстерінің баптары бөлінді.[/vc_column_text][vc_single_image image=”129302″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар