2023 жылдың 13 қазанында Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы М. Б. Бейсенгазина “Қоғамдық денсаулық сақтау”мамандығының 201, 401 тобының студенттерімен кураторлық сағат өткізді. 401 топтың студенті Серікбаева Ләззат және 201 топтың студенті Ермекова Ақбота “Президенттің Қазақстан халқына “Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты”мәселелері бойынша Жолдауы” тақырыбында презентация дайындады.
Президенттің жолдауы-еліміздің жылдық даму стратегиясын айқындайтын маңызды құжат, онда Мемлекет басшысы елдің жаңа экономикалық бағыты туралы айтты. Президенттің айтуынша, жаңа экономикалық бағыттың негізгі қағидаттары “әділдік, инклюзивтілік, прагматизм”болады. Ол елдің бәсекелестік артықшылықтарын тиімді пайдалануға, сондай – ақ өндірістің барлық негізгі факторларының-еңбек, капитал, ресурстар мен технологиялардың әлеуетін ашуға негізделетін болады.
Президенттің Жолдауы Парламенттің, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың жұмысына жаңа серпін беріп, олардың үйлестірілген және тиімді қызметіне ықпал етеді. Мемлекет басшысы сондай-ақ оның бастамаларының көпшілігі іске асырылғанын, ал кейбіреулері енгізу сатысында тұрғанын атап өтті.
Жолдау кураторлық топтардың студенттері арасында зерттеліп, талқыланды.
Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысы Бейсенгазина М. Б
[/vc_column_text]