“Реабилитология мен курортологияның басым бағыттары” атты халықаралық мерейтойлық Х республикалық ғылыми-практикалық конференция.

“Реабилитология мен курортологияның басым бағыттары” атты халықаралық мерейтойлық Х республикалық ғылыми-практикалық конференция.

23-24 қарашада Астана қаласында “реабилитология мен курортологияның басым бағыттары” атты халықаралық мерейтойлық Х республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты-1) реабилитологиядағы әлемдік және отандық үрдістерді талқылау
2)тәжірибе алмасу 3)проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу 4) конференцияға қатысушылар арасында әріптестік қатынастарды дамыту үшін пікірталас алаңын құру.
Конференция гибридті режимде өткізілді: офлайн және онлайн,бұл еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі дәрігерлерге конференция жұмысына қатысуға мүмкіндік берді.
Қатысушылардың құрамында 12 ғалым,3 шет ел мамандары, Ресей Федерациясынан 10 қатысушы, Ұлыбританиядан 1, Германиядан 1 және Қазақстаннан 314 адам. Конференция бағдарламасы 4 сессионды отырыстан өткізілді.
Конференцияга Тусупова Д.М атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А.Р, кафедра ассистенты Даулетжарова Ж.К және 2 курс резидент реабилитологы Алибек Е мен 1 курс резидент реабилитологы Сатыбалдинова Д.С қатысты.Сондай-ақ тәжірибе алмасу мақсатымен Балалар оңалту Ұлттық орталығына барып орталықтағы бар құрылғылармен, емдеу шараларымен танысты.Реабилитология және курортология даму бағыттары айқындалып медициналық және медико- әлеуметтік саласында МКФ жүйесін толықтай енгізу жүктелді. Осындай конференцияға қатысу жас мамандар үшін тәжірибелік білім алу сөзсіз. Сондықтан демеушілік көрсетіп мүмкіндік берген университет әкімшілігіне ризашылығымызды білдіреміз.
Сатыбалдинова Данара Сауленбековна[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар, Семинарлар