2023 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу қарсаңында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының доцент м.а. И.С.Мусатаева, оқытушы Ә.Д.Ғалымова Рухани келісім күніне арналған «Стоматология» ББ 201 тобында және «Медицина» ББ 1110, 1111 топтарында кураторлық сағаттар өткізді. Кездесу барысында 2023 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті-Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен өткен «ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАН: БІРЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ДАМУ» Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының негізгі мәселелері талқыланды. Кураторлар студенттерге Ассамблея жұмысының мақсаттарын түсіндірді:
– әділ Қазақстанды құрудың ортақ мақсаты тұрғысында Ұлт бірлігі мәселесін қарастыру.
– жүйелік өзгерістерге саяси және қоғамдық серпін беру.
– мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде ұлттық саясаттың мәнін көрсету.
– әр түрлі этностардың үлесін, сондай-ақ олардың әділ Қазақстанды құрудағы рөлін ашу.
Іс-шаралар студенттер үшін өте пайдалы және сындарлы болды.[/vc_column_text]