Рухани келісім күніне арналған куратор сағаты

Рухани келісім күніне арналған куратор сағаты

1992 жылы 18 қазанда Қазақстанда бірінші дүниежүзілік рухани келісім конгресі өтті. Одан кейін Алматыға барлық дін өкілдері, белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері жиналып, 18 қазанды «Рухани келісім күні» деп жариялау туралы манифест қабылдады. Содан бері бұл мереке татуласу, мейірімділік күні болып саналады. Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның ең маңызды ұстанымы – азаматтардың діни сезімін құрметтеу.

2023 жылдың 19 қазанында медицина ғылымдарының докторы, профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Д.Д. Муртазина, Р.Т. Динжуманова, А.Е. Қабдығалиевамен бірге, «Фармация» мамандығының 201, 202 топ студенттері және «Стоматология» мамандығының 1309, 212 топ студенттері «Рухани келісім күні» аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне арналған кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта студенттер Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттарымен, ұстанымдарымен және алдағы міндеттерімен танысты. Ассамблеяның ұстанымдары мен қызметінің арқасында Қазақстанның мәдени және этникалық әртүрлілігі ұзақ жылдар бойы сақталып келеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген «біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» және «әртүрліліктегі бірлік» қағидаттарының маңыздылығы туралы мәселе көтерілді. Дәстүрлердің, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің, өзге мәдениеттерге төзімділікпен тығыз тоғысуы – біздің баға жетпес байлығымыз. Бірлігі жарасқан ұлтымыздың мәдени-адамгершілік негіздері де отансүйгіштік, сыпайылық, қонақжайлылық, еңбексүйгіштік, халық дәстүрлері мен отбасы негіздерін қастерлеу болып табылады. Бұл біздің бүкіл қоғамның моральдық негізі деп айтуға болады. Әрбір адамның ішкі адамгершілік өзегі туралы халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан идеялары осыған негізделді.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымы.

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар