01.12.2023 ж. Семей қаласының № 3 консультативтік-диагностикалық емханасында қызылшаның алдын алу бойынша семинар өткізілді. Қазіргі уақытта “ересектердегі жұқпалы аурулар” пәнінде оқитын жалпы дәрігер маманынының 615 топ интерндері Қазақстандағы және Абай облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Спикерлер қызылшаның вирустық шығу тегі жоғары жұқпалы ауыр ауру екенін, ауа – тамшылы берілу механизмі бар екенін және осы инфекциядағы жұқтыру индексі 100%-ға жақындағанын еске салды. Бұл инфекция келесі клиникамен сипатталады: қызба (38-39°), жоғарғы тыныс жолдарының катаральды аурулары (мұрыннан су ағу, “үрген жөтел”), конъюнктивит, Бельский-Филатов-Коплик дақтары (қызыл жолақпен қоршалған кішкентай ақшыл дақтар – “Жарма”).
Асқынулары: Пневмония, круп, ортаңғы отит , ауыз қуысының жарасы және диарея, құрысулар, энцефалит және ең ауыр асқынуы бұл субакуталық склерозды панэнцефалит (ПСПЭ), ол қызылшаның 5000 жағдайдың бір жағдайында пайда болады, орта есеппен 7 жылдан кейін (диапазон: 1 айдан 27 жасқа дейін) өткір қызылшадан кейін пайда болады. Семинар соңында болашақ дәрігерлер қызылшаға және басқа да басқарылатын инфекцияларға және жеке популяциялық иммунитетке уақтылы және толық вакцинациямен қамтамасыз етуді қажет деп айтты.
Шаймарданов Н. К., Смаил Е. М.[/vc_column_text]